Жуырда ғана латын қарпіне ауысқан Елтаңба жаңа нұсқаға біртіндеп ауыстырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жуырда ғана латын қарпіне ауысқан Елтаңба жаңа нұсқаға біртіндеп ауыстырылады

12.11.2018

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссия отырысы өтті. Басқосу барысында Павлодар, Жамбыл, Алматы облыстарындағы  тәуелсіздігіміздің басты нышандары болып саналатын Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін насихаттау бағытында атқарылған жұмыстары қорытындыланды. Әрі жуырда ғана латын әріптеріне ауысқан Елтаңбаны жаңа нұсқаға біртіндеп ауыстыру жайы да сөз болды. Сондай-ақ, бірқатар министрліктердің ұсынысымен ведомствоаралық наградаларды бекіту туралы ұсыныс қаралды.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу