Соңғы 25 жылда Жер шарында энергияға деген сұраныс 56 пайызға арта түскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Соңғы 25 жылда Жер шарында энергияға деген сұраныс 56 пайызға арта түскен

09.11.2018

Соңғы 25 жылда Жер шарында энергияға деген сұраныс 56 пайызға арта түскен. Демек, қуат көзін үнемдеу мәселесі қазіргі таңда күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі. Бүгін бірінші Халықаралық энергия үнемдеу форумының ашылуында Энергетика министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр осылай деді. Шара энергия үнемдеу күнінің 10 жылдығын мерекелеуге орайластырылған. Мақсат - энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша диалог құру. Форумның шеңберінде өнеркәсіптегі, қалалық орта мен тұрғын үй коммуналдық шаруашылығындағы энергия тиімділігі сөз болды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы тұжырымдамасының таныстырылымы өтті. 

Ато Браун, Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы өкілдігінің басшысы:

- Біз Қазақстан Үкіметімен бірлесе отырып, энергия үнемдеу саласына қатысы бар 45 жобаны қолға алдық. Аталған жоба әлеуметтік нысандардағы қуат көзін 30 пайызға үнемдеуге септігін тигізеді деген ойдамын.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу