Шымкенттегі «Отырар» кітапханасында суретші Қасымбек Нұрбековтың шығармашылығы туралы бұрышы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкенттегі «Отырар» кітапханасында суретші Қасымбек Нұрбековтың шығармашылығы туралы бұрышы ашылды

09.11.2018

Шымкент қаласындағы «Отырар» кітапханасында ҚР Журналистер және Суретшілер одағының мүшесі, суретші, фотограф Қасымбек Нұрбековтің өмірі мен шығармашылығы туралы арнайы бұрыш ашылды. Оған ардагер тілшінің тұтынған заттары мен өзі түсірген фотосуреттері, майлы бояумен салынған картиналары қойылды. «Жас Алаш», кейіннен өңірдің бас газеті «Оңтүстік Қазақстан» басылымында ұзақ жылдар фототілші болып қызмет істеген ол графика мен кескіндеме өнерінде де аса зерделілікпен, тапқырлықпен қолтаңба қалдыра білді. Жарты ғасырдан астам уақыт шағармашылық салада еңбек еткен талант иесі «Құрманғазы», «Ақбақай», «Көксеңгір», «Құлан бике» және «Түнгі ән» секілді 150-ден астам өнер туындысын жарыққа шығарды. Ауыл өмірі, еңбек адамдары, замандастар бейнесі, туған өлкенің қайталанбас сұлу көріністері суретшінің басты тақырыбына айналды. Сондай-ақ, еліміздің Тәуелсіздігі жылдарындағы дамуы да суретшінің қылқаламына қанат бітірді.

Сая Қасымбек, драматург, режиссер:

- Бұл жақсы бастама. Өйткені, кітапхана адамдардың зейінін ашатын, парасатын толтыратын, санасын самғататын киелі орын. Осындай жерде Қасымбек ағамыздың бұрышының ашылуы, суреттерінің жинақталуы оқырманның ағартушылық білім деңгейін тереңдетеді. 

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу