Павлодар облысында ауыл шаруашылығы қарқынды дамуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында ауыл шаруашылығы қарқынды дамуда

06.06.2014
Павлодар облысында  ауыл шаруашылығы қарқынды дамуда
Павлодар облысында  индустриялық жаңғырумен қатар, ауыл шаруашылығы саласы да қарқынды дамып келеді.
 
Павлодар ауданында инвестициялық жобаларды іске асырып жатқан шаруаларға биыл мемлекет тарапынан 4 миллиард теңгеге жуық қайтарымсыз қаржы берілуде.
 
Яғни, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тегін жасалады.
 
Облыстағы көкөніс өсірумен айналысатын ірі шаруашылықтардың бірі - «Аңдас». Биыл 900 гектар жерге картоп пен сәбіз екті. 2017 жылға дейін суармалы алқаптардың көлемін 3 мың гектарға жеткізбек.
 
Инвестициялық жоба дайын. Биыл 1800 гектар жерге су құбырлары мен электр желісін тарту үшін мемлекеттен 330 миллион теңге қайтарымсыз қаржы бөлінді.
 
Зейнолла Сәлменбаев,  шаруа қожалығының басшысы:
Мұндай қамқорлық мемлекет тарапынан бұрын болған жоқ. 1 миллиард  теңгені беріп тұр бізге. Бұл - үлкен көмек.
 
Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға тегін қол жеткізу «Бизнестің жол картасы-2020» бағдардамасы аясында жүзеге асады.
 
Осыны түсінген шаруалар мал санын көбейтіп, егіс алқаптарының көлемін ұлғайтты. Жаңа техника алынуда.
 
Асқар Ажмұрат, Павлодар аудандық Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары:
Биыл 9  ірі инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Үкіметтен шаруа қожалықтарына 3 миллиард 800 миллион теңге көлемінде қаржы беріліп жатыр, қайтарымсыз.
 
Мемлекет қамқорлығымен өркен жайған кәсіптің игілігін талай ұрпақ көреді. Яғни, атадан балаға мирас болып қалады.
 
Биылғы Жолдауда Елбасы бүған ерекше мән берді. Қос ұлым - қос қанатым, дейді Зейнолла Сәлменбаев. Атасына енді немересі еріп жүр.
 
Зейнолла Сәлменбаев,  шаруа қожалығының басшысы:
Әкей де ауыл шаруашылығымен шұғылданған адам. Екі ұлымыз бар, екеуі екі шаруашылыққа иелік етіп отыр. Енді мен немеремді ертіп жүрмін көрсетіп күнде. Бәрін баулып жатырмыз.
 
«Көкөніс алқаптарының көлемін ұлғайта беруге болады. Өйткені, өнімге деген сұраныс күшті», дейді шаруалар.
 
Кедендік одақ құрылғалы бері аймаққа ішкі Ресейден, Алтай өлкесінен, Хакасия және Якутиядан кәсіпкерлер картоп сатып алуға жиі келіп жүр. Ал, биыл олар алдын ала тапсырыс беріп отыр
 
Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу