Балалар Қытайда қалған ата-аналарын Қазақстанға қайтаруға көмек сұрайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балалар Қытайда қалған ата-аналарын Қазақстанға қайтаруға көмек сұрайды

05.11.2018

Бұл мәселе Сыртқы істер министрлігіне таныс. Мамандар олардың бірқатары туралы мәлімет жинап, ресми Бейжіңге дипломатиялық нота жолдаған. «Дегенмен, ол жағдай турасында ресми хабарласып жатқандар аз», - дейді. Сол себепті, ата-анасынан қанша жеткіншек ажырап қалғанын дәл айту қиын.

Сондай-ақ, брифингте қазақстандық мигранттарды алдап, одан пайда табатын алаяқ компаниялардың көбейгені айтылды. Бұл шетелдерге жұмыс іздеп кету үрдісінің белең алғанына байланысты болып отыр. 

Айбек Смадияров, ҚР СІМ баспасөз хатшысы:

- Олардың схемасы өте оңай. Мысалы, сізден 4000 доллар алды деп есептейік. Соның 300-ін виза алған жағдайда төленеді немесе құжат дайын болған жағдайда төленеді, я қайтарылмайды деп келісімшартқа жазып қояды екен. Бір айдан кейін қалған ақшаны қайтарып береді екен де, құжат жасалмайды деп, уақыт өткізіп жібереді.

Мұндай айлалы жолмен ақша табуға көбінесе өзіміздің компаниялар машықтанып алған екен. Ал, қалтасы қағылған азаматтар заңсыз жолмен шекара кеспек болғаны үшін шағымдана да алмайды.

Сырт асқандардың жайы бір басқа. Биыл Кореядағы қазақстандық мигранттар елімізге 100 млн. доллар көлемінде ақша аударған. Елден кетіп еңбек етіп жүргендер мен жалпы Кореядағы отандастарымыз туралы ертеңгі хабарымызда арнайы сюжет көре аласыздар. 

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу