Астанадағы Ұлттық музейде «Жақсы дәрігер» деп аталатын фотокөрме ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы Ұлттық музейде «Жақсы дәрігер» деп аталатын фотокөрме ашылды

05.11.2018

Дәрігерлерден тегін кеңес алғыңыз келсе, мұражайға келіңіз! Астанадағы Ұлттық музейде «Жақсы дәрігер» деп аталатын фотокөрме ашылды. Сол шараның аясында халыққа ақысыз медициналық тексерулер жасау қарастырылған. Ол жерде терапевт, бала дәрігері, тіс, көз, жүйке, жүрек, ауруларын емдейтін мамандардың қарауында бола аласыз. Дәрігерлер сізді қарап шығып, егер денсаулығыңыздан қандай да бір кінәрат табылған жағдайда, сол жерде ем тағайындайды. Сондай-ақ, бет күтімі жайлы да косметологтардың кеңесін тыңдауға болады.

«Жақсы дәрігер» сурет көрмесіне келетін болсақ, ол жас фотограф Марат Әміровтың туындылары. Суретшінің  нысанасына іліккен көріністен дәрігерлердің еш боямасыз еңбегін байқауға болады. Әлеуметтік жоба медицина мамандарының қоғамдағы деңгейін көтеріп, олардың науқастармен шынайы қарым-қатынасын қалыптастыруға бағытталған. Шарапатты істі «Нұр Отан» партиясы  №2 ауруханамен бірігіп ұйымдастырып отыр.  

Марат Әміров, фотограф:

- Балалардың инкубаторда, үлкен кісілердің комада жатқанын көру әсер қалдырады. Балаларға жаның ашиды, ішіңде толқыныс пайда болады. Қарапайым халық дәрігерлердің жұмысын байқамайтын шығар. Олардың жұмысы психикаларына әсер етеді. Дәрігерлерге алғыс айтуымыз керек.

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу