Астанада балалар арасында «Лаула-2018» халықаралық байқауы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада балалар арасында «Лаула-2018» халықаралық байқауы басталды

05.11.2018

«Лаула». Дәл осындай атаумен бүгін Астанада балалар шығармашылығының халықаралық байқауы басталды.

Талантты жастар «Вокал», «Аспаптық өнер» және «Хореография» номинациялары бойынша өзара бәсекеге түспек. Екінші мәрте ұйымдастырылып отырған шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 400-ден аса өтініш келіп түскен. Конкурстың діттегені – шығармашылық әлеуетті дамытып, қабілетті балаларды анықтау және қатысушылардың өнерін шыңдау. Сондай-ақ, вокал, аспаптық музыка, хореография мен бейнелеу өнері бойынша балалардың жетістіктерін білікті мамандарға көрсету.

Қымбат Мұқанқызы, Оқушылар сарайы Әдістемелік бөлімнің жетекшісі:

- Оқушыларды қосымша білімге, уақытты тиімді пайдалануға баулу керек. Талантты балаларды анықтау үшін және өзіміздің ұлттық дәстүрімізді насихаттау үшін жасалып жатыр.

 

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу