«Атyraý» газетіне - 95 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Атyraý» газетіне - 95 жыл

02.11.2018

Атырау облысындағы беделді басылымдардың бірі, қоғамдық-саяси бағыттағы «Атырау» газетіне - 95 жыл. Алғашқы саны 1923 жылы «Ерік» деген атаумен жарық көрген. Үнқағаз осы аралықта «Құрмет белгісі» орденімен марапатталып, Бүкілодақтық сыйлыққа да ие болған. Атаулы күнге орай, газет редакциясында ауқымды шара өтті. Оған елге танымал қаламгерлер мен ардагер журналистер қатысты. Мерекелік шараға келгендер өңірдегі БАҚ саласына қатысты жасақталған музей жәдігерлерімен танысты. Мұнда құнды қолжазбалар мен тарихи суреттер, түрлі бұйымдар мен құрылғылар қойылған. Ғасырға жуық уақыт үздіксіз ақпарат таратқан баспа, енді, медиа кеңістікке қосылып, ғаламторда өз арнасын ашты. Бұл өз кезегінде мақалалардың оқырмандарға жедел жетуіне мүмкіндік береді. Бүгінде газет таралымы 26 мыңнан асып отыр.

Мереке Құлкенов, жазушы:

- Тарихты жасайтын тарихшылар емес, тарихты жасайтын журналистер. Журналистердің жазғанын басатын газет. Сондықтан, бұл газеттің орны бөлек. Әбу Сәрсенбаев, Зейнолла Қабдолов, Фариза Оңғарсынова бәрі осы Атырау газетінде қызмет істеген. Алғашқы мақалалары шыққан.

 

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу