Алматыда халықаралық бизнес-саммит өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда халықаралық бизнес-саммит өтті

05.06.2014
Алматыда халықаралық бизнес-саммит өтті
Бүгін Алматыда «Ритейл бизнес Қазақстан 2014» халықаралық бизнес-самиті өтті. Ресей мен Қазақстанның көш бастап тұрған кәсіпкерлерінің басын қосқан жиында бүгінгі көтерме,  бөлек және желілік сауданың жай-күйі сөз болды.
 
Бір ғана Алматының өзінде еліміздегі көтерме сауданың 48 пайызы, ал бөлшек сауданың 20 пайызы шоғырланған. 14 мыңнан аса сауда орнында 70 мыңдай азамат еңбек етеді.
 
Осылайша, мегаполистегі салықтан түсетін соманың 30 пайызы осы саудаға тиесілі. Көтерме сауда айналымы 6 жарым триллионды құраса, жекелей сату 2 триллионнан асады.
 
Ендігі міндет - осы межеден түсіп қалмай, оны одан әрі дамыту. Тұтынушыға сапалы тауар ұсыну. ЕАЭО-қа кіргенде тыныс ашылғанымен, талап та күшейеді, дейді мамандар.
 
Альфия Балова, Алматы қалалық Кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы:
Қазақстандағы көтерме және бөлшек сауда соңғы жылдары жақсы қарқынмен дамуда. Ал, ЕАЭО-қа кіру - тауар өндірушілеріміздің бұрынғыдан екі есе жұмыс істеуін талап етеді. Осы мүмкіндікті мүлт жібермей халыққа қажетті әрі сапалы тауар өндірсек экономикамыздың өсері анық. Кедергілер мен кемшіліктер де жоқ емес. Өндірушілер мен жекелей сатушылар арасындағы байланыс, желілік сауда мәселелерін екі күн бойы талқылайтын боламыз.
 
 
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу