Жаңаөзенде аялдамада тұрған адамдарды көлік қағып 3 адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңаөзенде аялдамада тұрған адамдарды көлік қағып 3 адам қайтыс болды

01.11.2018

Жаңаөзенде аялдамада тұрған адамдарды көлік қағып кетті. 10 адам зардап шегіп, оның екеуі сол жерде тіл тартпастан кеткен. Тағы бір адам ауруханада жан тапсырды. Оқиға бүгін таңертең Мерей шағын ауданында «Азамат» дүкенінің қасындағы аялдамада болған. Ішкі істер басқармасының мәліметі бойынша, сол жерде «Tойота Land Cruzer» көлігі мен «Gelli» автокөлігі соғылған. Соққыдан жолдан шығып кеткен «Jeep» көлік күтіп тұрған адамдарды басып қалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Азамат Сәрсенбаев, Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

- 7 адам түрлі дене жарақатымен Жаңаөзен қалалық орталық ауруханаға жатқызылды. Біреуінің жағдайы ауыр. Дәрігерлер оған қажетті медициналық көмек көрсетуде. Бір ер азамат үйіне жіберілді. Қалған бесеуі ем алып жатыр.

 

Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу