Бурабайда көпфункционалды спорт алаңы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бурабайда көпфункционалды спорт алаңы ашылды

31.10.2018

Нысан «Самұрық-Қазынаның» әлеуметтік жобаларды қолдау қорының қаржыландыруымен салынған. Елді мекендегі мектеп аумағында ашылған жерде футбол алаңы да бар. Оны қыста хоккей үшін қолдануға да болады. Сондай-ақ, жаттығу жасауға арналған құрылғылар орнатылған. Мұнда мектеп оқушыларынан бөлек, Бурабай кентінің тұрғындары да жаттыға алады. Нысан «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы шеңберінде ашылып отыр. Бұған дейін Ақмола облысының Степногор мен Есіл қалаларында және Целиноград ауданының Қажымұқан ауылында дәл осындай спорт алаңдары қолданысқа берілген еді. 

Дархан Қаскеев, Бурабай аудандық «Қазпошта» бөлімшесінің директоры:

- Осындай нысан жасөспірім балаларды, жастарды спортқа жақындату үшін және демалыс орны үшін жасалып жатыр. Қазір Қазақстан бойынша осындай 41 нысан және 11 воркауд алаңы жүзеге асты.

Әлтайыр Төлеуханов, мектеп оқушысы:

- Біз осы алаңға өте қуаныштымыз. Енді күн сайын футбол, хоккей ойнап, спортпен айналысамыз.

 

Ермек ЕЛБЕРГЕН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу