Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік саласында жүйелі жұмыс жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік саласында жүйелі жұмыс жоқ

29.10.2018

Үш жылдың ішінде арнайы экономикалық аймақтар инфрақұрылымын салу кезінде осы әріптестіктің бірде-бір жобасы іске асырылмаған. Бұл туралы Мәжілісте өткен Үкімет сағатында айтылды. Парламент «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы» заң қабылдап, онда құқықтық тетік қаланған еді. Алайда, оң өзгеріс жоқ. Бүгінгі күні экономиканың әртүрлі секторында мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің 1000-нан аса жобасы бекітілген, 443 шарт жасалған, оның 66 пайызы білім беру, 16 пайызы денсаулық. Әлеуметтік салада бар болғаны 4 жоба. Депутаттардың айтуынша, жобаларының тиімділігіне талдау жүргізілмейді, республика бойынша бар проблемалар ескерілмейді.

Омархан Өксікбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Активі 50 млрд. доллардан асып кететін холдингтеріміз не істеп жатыр?  

 

Индира БЕГАЙДАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу