Ішкі істер органдарына жаңадан қабылданған қызметкерлер ант қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ішкі істер органдарына жаңадан қабылданған қызметкерлер ант қабылдады

26.10.2018

Олар елімізге адал қызмет етіп, қызметте кездескен кез келген қиындыққа төзуге сөз берді. Сондай-ақ, адал еңбегімен көзге түсіп, үздік көрінгендер Мақтау қағаздарымен марапатталды. Басшылық құрамның айтуынша, бұл қатарға енді қосылған жас мамандарды ынталандырып, жұмысқа деген құлшыныстарын арттырады. Салтанатты жиын барысында қызметкерлердің қысқы киім үлгісіне өту рәсімі де өтті.  

Нұрболат Сүйіндіков, Әкімшілік полиция комитеті Күзет қызметін бақылау басқармасының бастығы:

- Жеке құрамның арасында саптық жүруден және сапта ән айтудан жарыс өткізіп жатырмыз. Командалардың арасында үздіктерді Әкімшілік полиция комитеті төрағасының дипломдарымен марапаттау салтанатын өткіздік. 

 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу