Қарағанды облысында 10 адам дөнерден ұшынып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында 10 адам дөнерден ұшынып қалды

25.10.2018

Қазір барлығы ауруханада жатыр. Олардың үшеуі - жасөспірім. Қазір науқастардың жағдайы қалыпты. Зардап шеккендер сұхбат беруден бас тартып отыр. Оқыс оқиғаға байланысты дөнер сатылатын сауда орнына кезектен тыс тексеріс жүргізілуде. Ондағы тағамдар мен азық-түліктерден сынама алынды. Дүңгіршек жабылып, сол жерде жұмыс істейтін жұмысшылар мен олармен қатынаста болғандар анықталды. Жағдай эпидемиологтар мен тиісті органдардың бақылауында.

Айжан Иса, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

- Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында қазір 9 адам жатыр. Оның алтауы ер адам, біреуі әйел адам. Үш жасөспірім бала бар. Қазір олардың жағдайы жақсарды. Тағы бір науқас Абай аудандық ауруханасында жатыр. Оның да жағдайы жақсы. Барлық медициналық көмектер көрсетіліп жатыр.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу