Қазақстан мен Ресей әлемдік нарықтағы тұрақсыз құбылыстармен бірлесе күресуі қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Ресей әлемдік нарықтағы тұрақсыз құбылыстармен бірлесе күресуі қажет

24.10.2018

Қазақстан мен Ресей әлемдік нарықтағы тұрақсыз құбылыстармен бірлесіп күресуі керек. Себебі, екі елдің экономикалық байланыстары, көп сектор бойынша бір арнаға тоғысып жатыр. Мәскеуде өткен баспасөз-мәслихаты кезінде қазақстандық-ресейлік IQ клубтың сарапшылары осындай пікір айтты. Екі елдің мамандары басқосу кезінде түрлі саладағы ынтымақтастықтың келешегі жайлы ойларымен бөлісті. Әсіресе, агроөнеркәсіп кешені, жоғарғы технология саласындағы әріптестіктің тиімді екені айтылды. Сонымен қатар, Қазақстан мен Ресей, «Астана» халықаралық қаржы орталығы арқылы қаржы саласындағы қарым-қатынасын одан ары тереңдете алады.  

Сергей Рекеда, Интеграцияның келешегін зерттеу жөніндегі орталықтың директоры:

- Шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы өзара байланыстарды жандандыру да маңызды бағыт деп ойлаймын. Себебі, екі елдің арасындағы сауда-саттықты арттыруда осы сектордың өзіндік орны бар. Қос тараптың кәсіпкерлері бірлескен жобаларды іске асырып, өзара тәжірибе алмасатын болса, бұдан Қазақстан да, Ресей де ұтылмайды. Меніңше, дәл осы шағын және орта кәсіпкерлер арасындағы әріптестікке тиісті мән берілмей келе жатыр.

 

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу