Атырау облысындағы фермада мал қырылып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысындағы фермада мал қырылып қалды

24.10.2018

Атырау облысы Махамбет ауданындағы фермада мал қырылып қалды. Тауарлы-сүт өнімдерін шығаратын шаруашылықта 178 сиыр арам өлді. Оның 97-сі етке өткізілген. Бүгінде өлген  малдардан сынама алынып, Астана мен Алматы қаласындағы Мал дәрігерлік ғылыми-зерттеу орталықтарына жолданды. Сынама қорытындысы таяуда белгілі болады. Мамандардың пікірінше, ауру малдарда жұқпалы дерттің белгілері жоқ. Сондықтан, ет өнімдерін тұтынуға рұқсат етілген.   

Серікжан Ерментаев, Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы:

- Тексерілген сиырларда зат алмасу процесі бұзылған. Олар оқшауланып, арнайы егу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, ірі қараға берілетін жем-шөп құрамы да өзгертілді. Бүгінде фермадағы қалған сиырларға ешқандай қауіп жоқ.

 

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу