Ресми тіркелмеген желілік маркетингпен айналысатындар жауапқа тартылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресми тіркелмеген желілік маркетингпен айналысатындар жауапқа тартылады

23.10.2018

Желілік маркетингпен айналысатын, бірақ, ресми тіркелмеген, салық төлемейтіндер енді жауапқа тартылады. Шетелдік өндірушілердің тауарларын, түрлі қоспалар, ыдыс-аяқ, тіпті опа-далап сататындардың басым бөлігі қыз-келіншектер. Салық органдары үшін «көлеңкелі бизнеспен» айналысатындарды анықтау қиын емес. Мақтауын асырып, тауар сатып, пайда көріп жүргендер жарнамасының барлығын ғаламторда, әлеуметтік желілерде таратады. Тіпті күнделікті кірісі туралы есеп беретіндер де бар. Қазір осылай кәсібін жүргізіп, міндетті төлемнен жалтаратындарға қарастырылған жаза қатаң. Алдымен ескерту жасалып, кәсібін жүргізуге, банктерде есепшот ашуға тыйым салынады. 

 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу