ШҚО мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобалары бойынша көш басында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобалары бойынша көш басында

23.10.2018

Елімізде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобалары бойынша Шығыс Қазақстан көш бастап тұр. Өңірде жалпы құны 28 миллиард теңгеден асатын 103 жобаға келісім шарт жасалған. Бұдан бөлек, жеке сектор мен мемлекет арасындағы әріптестік аясында тағы 70 жоба дайындалуда.  Шығыстағы бизнес қауымдастық Өскемен және Семей қаласының әлеуметтік нысандарын тұрғызуда аса белсенді. Мәселен, қазір қос шаһарда да мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша балабақшалар бой түзеп келеді. Көлік және денсаулық сақтау саласында да ауқымды жобалар бар. Медициналық мекеме ашып, стадион, бассейн салып жаткан азаматтар жетерлік. Мемлекетпен әріптестік орнатып, ілкімді істер атқарған кәсіпкерлерге бірқатар жеңілдік қарастырылған.

Бейбітжан Абрайымов, құрылыс компаниясының директоры:

- Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша биыл наурыз айынан бастап 240 орындық балабақша салып жатырмыз. 26-сы күні жылу тартамыз. Ары қарай әрлеу, әктеу жұмыстары жүргізіледі. 2019 жылдың мамырында нысанды тапсырсақ деп жоспарлап отырмыз.

Арайлым Айтқұлова, «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік» АҚ өңірлік орталығының бас сарапшысы:

- Жалпы, ШҚО жасалған келісімшарттар саны бойынша көшбасшылық позиция алып отыр. Алдағы уақытта мемлекеттік-жекеменшік механизмі бойынша жұмыстар жалғасатын болады. Осы ағымдағы жылдың аяғына дейін тағы да 46 жобаға келісімшарт жасауды жоспарлап отырмыз.

 

Берік КӨШЕРБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу