Алматыда электрлі самокат мінген әйелді көлік қақты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда электрлі самокат мінген әйелді көлік қақты

22.10.2018

Соңғы кездері еліміздегі қала көшелерінен арлы-берлі электр самокатпен жүйіткіген жандарды көбірек көретін болдық. Араларында жастармен қатар, жасамыстары да аз емес. Бұл қозғалыс құралы көлік кептелістері көп қалаларда ыңғайлы екені сөзсіз. Дегенмен, жол-көлік қозғалысында бірқатар қиындықтар тудыра бастағаны да айтылып жүр. Мысалы, Алматыда сондай электрлі самокат айдап келе жатқан әйелді Гагарин мен Мыңбаев көшелерінің қиылысында көлік қағып кетті. Оқиға осыдан екі күн бұрын болған. Сол маңдағы бейнебақылау камерасына түскен видеода электрлі самокат мінген әйел көше бойымен төмен қарай қатты жылдамдықпен жүйткіп бара жатқаны көрініп тұр. Ал, шығыс бағытқа қарай бет алған жеңіл көлік жүргізушісі көшені қиып өтпек болған кезде оны қағып кеткен. Соның салдарынан, әйелдің миы шайқалып, тез арада жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген.

 

Алмат ӘБДІРАМАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу