Елімізде кеңістіктік деректер туралы мәлімет алуға мүмкіндік беретін геопортал іске қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде кеңістіктік деректер туралы мәлімет алуға мүмкіндік беретін геопортал іске қосылады

22.10.2018

Бұл шара келесі жылы қолға алынатын «Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымы» жобасы аясында жүзеге аспақ. Тілшілерге жаңа порталды дәл геодезиялық және картографиялық материалдармен қамтамасыз ететін соны технологиялар таныстырылды. Оның ішінде цифрлы топография, ірі көлемді аэротүсірілім кешені және басқарусыз ұшу аппараттарының маңызы зор. Ал, жер туралы сантиметрлік дәлдікпен жиналған деректер қоры қорғаныс пен қауіпсіздік, ғылым, автомобиль, темір жол құрылысы сияқты салаларды дамытуға септігін тигізеді. 

Ләйлә Сатыбалдина, ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің бас сарапшысы:

- Кеңістіктік ақпараттар дегеніміз жергілікті жердегі барлық нысандардың координаттары, биіктіктері, карталары. Қазіргі уақытта қолда бар материалдарымыздың көбі құпия немесе қызмет бабында пайдалану үшін деген белгілері бар, яғни, ол бизнеске, басқа инвесторларға қолжетімсіз. Оған қол жеткізу үшін сұраным жасау керек, өтініш жіберу қажет. Ал, геопортал іске қосылған кезде ол керек ақпаратты сол порталдан жүктеп ала алады.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу