Жастар үшін 2019 call орталығы ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жастар үшін 2019 call орталығы ашылады

22.10.2018

Жастар жылы аясында елордада бірыңғай қоңырау шалу орталығы іске қосылады. Call орталық 2019 деп аталады. Бұл туралы Жолдауды түсіндіруге арналған жиында Астана әкімдігінің өкілдері хабарлады.  Жақын арада бұл қызметті іске қосу үшін мемлекеттік сатып алу тәртібі бойынша тендер жарияланбақ. Жоба құны 7 миллион теңгеден астам деп жоспарланған. Онда Астана жастарына бизнес бастау, құқықтық және психологиялық көмектер бойынша кеңестер беріледі. Сондай-ақ, бұл қызметтің онлайн режимдегі порталы да іске қосылады. 2019 Call орталығы арқылы кейбір қоңырауларды өзге орталық органдарға бағыттау мүмкіндігі қарастырылады.  Қоңырау шалу азаматтар үшін тегін. Оның ақысы байланыс операторларына бюджет есебінен төленеді.

Үкібай Нұрпейісов, «Астана жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры:

- Қоңырау шалғандардың есебі кетпейді. Сол есепті ай сайын шығындалғанын біз бюджеттен төлейтін боламыз. Call орталыққа екі қызметкер аламыз. Қазақша, орысша барлық туындаған сұрақтарға жауап беретін болады.

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу