Петропавлда әкімшілік қызметкерлеріне үкім шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда әкімшілік қызметкерлеріне үкім шықты

15.10.2018

Петропавлда  мемлекетке 200 миллион теңгеден астам шығын келтірген әкімшілік қызметкерлеріне үкім шықты. Қалалық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бұрынғы басшысы сыбайластарымен бірігіп қылмыстық топ құрған. Бұзылуы тиіс үйлерді және жер телімдерін иелерінен арзанға сатып алып, туыстары мен таныстарының атына жаздырған. Осылайша,  қалалық әкімдік берген пәтерлер мен қаржыны қалтаға басқан алаяқтардың құйтырқы әрекеті әшкереленіп, істі болды. Сот қалалық әкімдіктің бұрынғы басшысы Балдырған Өмірсейітованы  8 жылға, оның зайыбы Қаблан Өмірсейітовті 6 жылға, Медет Сағди мен Жанар Есетованы 6 жыл 8 айға  бас бостандығынан айырды.

Михаил Гусев, қалалық соттың судьясы:

-Қалалық әкімдіктің ақшаны өндіріп алу туралы шағымы қанағаттандырылсын. Жалпы келтірілген шығын  213 774 146  теңге. Сондай-ақ, прокурордың сұрауы бойынша Хамзина мен Сұрағанованы жалған куәлік еткені үшін жауапқа тарту туралы сұрауы қанағаттандырылсын.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ        

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.        

Хабарламаларға жазылу