Елімізде енді жанар-жағармай жетіспеушілігі болмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде енді жанар-жағармай жетіспеушілігі болмайды

15.10.2018

Оған қоса, бензиннің сапасы артып, көлемі де көбеймек. Өйткені, барлық мұнай өңдеу зауыты модернизацияланды.

Алматыда өткен мұнай өнімдерінің айналымы және сапасын бақылауға қатысты басқосуда жауапты мамандар осыны айтты. Олардың сөзінше, қазір жанармай құрамындағы күкірттің көлемі 50 есеге, бензолдың үлесі 5 есеге азайған. Бұл экологиялық ахуалға оң әсерін тигізеді. Өйткені, жанар-жағармайдың сапасын тексеретін лабораториялар толықтай қазіргі заманға сай жүйеге ауыстырылған.

Сондай-ақ, «қара алтынды» өңдеу жұмыстары да сандық жүйеге көшірілген. Тіпті, май құю бекеттерінде ақшаны бұдан былай телефон арқылы төлеуге болады.

Амангелді СЕЙІТХАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу