Дін көшбасшылары съезінің екінші күнінде әлемде бейбітшілік орнату жайы талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дін көшбасшылары съезінің екінші күнінде әлемде бейбітшілік орнату жайы талқыланды

11.10.2018

«Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін Бразилия да өткізгісі келеді. Бұл Қазақстан Президентінің бастамасын әлемдік деңгейге шығаруға мүмкіндік береді». Астанада өтіп жатқан дін лидерлерінің 6-шы съезінде Бразилияның «Ғаламшарлы одақ» коммерциялық емес ұйымының президенті Улиссис Лидель де Ресенде осылай деді.

Жиынның екінші күні әлемдік дін басшыларының Бейбітшілік қабырғасына мінәжат етуінен басталды. Құдайға сыйыну дәстүрі бірнеше минутқа созылды. Кейін алып экранда әлемнің әр жерінде болып жатқан табиғи апаттар, ядролық сынақтардың кесірі жайында бейнеролик көрсетілді.  Рәсімнен соң, дін басшылары бірнеше секцияға бөлінген отырыстарға тарқасты. «Әлем XXI ғасыр» манифесі, жаһандық қауіпсіздік, құбылмалы геосаясат жағдайындағы діндер, дін және жаһандану тақырыптары көтеріліп, әр ел өкілі  дін, әлемдегі қауіпсіздік, бейбітшілік орнатудағы әрекеттер жайын талқылады.

Равиль Гайнутдинов, РФ Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы:

- Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының басын қосу арқылы әлемдік мәселенің түп-төркінін айқын біліп отыр. Бізге осындай алаң ұсынып отырғандарыңыз бейбітшілік туралы құр сөзден нақты іске көшуге шақырып отырғаныңызды көрсетеді. Діни сенімі берік адамдарды зорлықпен сындыру мүмкін емес. Бірақ, менің ойымша, зорлық-зомбылықтың бетін сенім тәжірибесімен қайтаруға әбден болады. Ол үшін ең алдымен адамдардың жүрегіне иман ұялауы керек.

Бақытжан ОМАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз. 

Хабарламаларға жазылу