Астанада трансшекаралық су ресурстарының мәселелері қаралып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада трансшекаралық су ресурстарының мәселелері қаралып жатыр

10.10.2018

Шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы конвенция кеңесінің сегізінші сессиясы алғаш рет Орталық Азияда, Қазақстанда өтіп отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше 90 елдің министрі, 600-ден астам сарапшы су ресурсын тиімді пайдаланудың жолдарын талқыға салуда. Қазақстан тарапы елге сырттан ағып келетін өзендердің мөлшері мен экологиялық жағдайын, Арал теңізі мәселесін көтеріп отыр. Бұдан бөлек, Қазақстан алдағы 3 жылда аталмыш конвенцияға төрағалық ететін болады.

Ерлан Нысанбаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары:

- Біз өңірлік көптеген жоспарларымызды қамтуға тырысамыз. Сол себептен, осы төрағалықты алып отырмыз.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу