Ғылым мен өндірістің алғашқы нәтижелері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғылым мен өндірістің алғашқы нәтижелері

05.10.2018

Ғылыми  жобаларды өндіріске енгізу жұмысының басталғанына 3 жыл. Осы уақытта отандық ғалымдардың 95 жобасы өндіріске енген. Бұл туралы «Ғылыми жаңалықтарды коммерциялау» атты екінші халықаралық форум барысында айтылды. Одан 2,7 миллиард теңге салық түрінде түсім түсіп, мыңға жуық адам  жұмыспен қамтылған. Ғылыми жаңалықтар 40 түрлі саланы қамтиды. Биылдың өзінде 20 жобаны өндіріске енгізу жоспарланған. Аталған форумда кәсіпкерлер назарына тың ғылыми жаңалықтар ұсынылды.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

                       

Хабарламаларға жазылу