Ақтөбе: Марқұмдардың туыстары қаза тапқандардың әрқайсысы үшін 150 миллион теңгеден сұрап отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе: Марқұмдардың туыстары қаза тапқандардың әрқайсысы үшін 150 миллион теңгеден сұрап отыр

03.10.2018

Ақтөбеде 52 өзбекстандық қаза тапқан автобустағы өрт ісі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Бүгін жәбірленуші тараптың талап-арызы оқылды. Марқұмдардың туыстары  қаза тапқандардың әрқайсысы үшін 150 миллион теңгеден сұрап отыр.

Олар ұзақ уақыт балаларымыздың өлі-тірісін білмей, әуре-сарсаңға түстік дейді. Сот процесі Ақтөбеде өтіп жатқанымен, жапа шегуші тарап Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотынан онлайн режимінде байланысқа шықты. Айтуларынша, Ақтөбеге келуге жол шығынын қалталары көтермеген. Бүгінге дейін барлық жапа шегуші тыңдалып болды. Олардың талабын қорғаушылары оқып берді.

Естеріңізге салсақ, биыл қаңтардың 18-і күні Ақтөбе облысының Қалыбай ауылының маңында жолаушылар автобусы өртеніп кетті. Көлікте барлығы 57 адам болған, олардың 52-сі қазаға ұшырады. Қайтыс болғандардың бәрі-  Өзбекстан азаматтары. Екі жолаушы мен үш жүргізуші аман қалған еді.​

Жақсыбек КЕМАЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу