Егіс алқаптарына бақылау күшейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Егіс алқаптарына бақылау күшейді

02.10.2018

Қарағанды облысындағы егіс алқаптарына бақылау күшейді. 10 қазанға дейін егінжай маңында аңшылық құруға тыйым салынады. Себебі, сейіл құрғандар жол талғамайтын көліктерімен егістік алқаптарын таптап, шығын келтіруде. Жиын-терім науқаны барысында өңірдің Нұра, Осакаров аудандарында осындай жағдайлар жиілеген. Ақмола облысы аумағынан келген аңшылар бұршақ алқабына қонған құсты ату үшін алқапты жайпап кеткен. Оларға аумақтық Орман және жануарлар дүниесін қорғау инспекциясының өкілдері тарапынан әкімшілік айыппұл салынды.

Андрей Ким, Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының басшысы:

- Қазіргі уақытта осындай 4 жағдай тіркелді. Өзгенің егінін көлігімен таптаған 4 азамат әкімшілік жазаға тартылды. Шаруалардың шағымынан кейін біз Осакаров және Нұра аудандарындағы алқаптар маңында күзетті күшейттік. Екі инспекторлар тобы жұмыс істеуде. Оған қоса, облыс әкімінің тапсырмасымен жергілікті полиция қызметкерлері де көмекке тартылды.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу