Жастар еуразиялық интеграциямен танысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жастар еуразиялық интеграциямен танысады

02.10.2018

Еуразиялық экономикалық одақтың құрылу тарихынан бастап, келешектегі жоспарларына дейін. Осы және өзге де ақпаратты - Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь және Қырғыз елінен жиналған жастар Еуразиялық экономикалық комиссияның мүшелерінен естіп-біле алады. Мәскеу қаласында - еуразиялық интеграцияға арналған халықаралық мектептің жұмысы басталды. Бұл қысқа мерзімге арналған білім беру бағдарламасы. Яғни, алдағы 5 күн бойы жас ғалымдар мен саясаттанушылар, Еуразиялық экономикалық одақ жұмысының қыр-сырымен жан-жақты танысады. Жобаның мақсаты – жастарға 5 мемлекет арасындағы интеграциялық процестерді кеңінен түсіндіріп, жаңа кадрлар дайындау. 

Татьяна Валовая, Еуразиялық экономикалық комиссияның интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі:

- Жастар тарапынан еуразиялық интеграцияға деген ықыласты көріп отырмыз. Сондықтан, оларға бұл жобаның мән-маңызын түсіндіріп қана қоймай, жастардың талап-тілектерін, ұсыныстарын да естігіміз келеді. Себебі, келешекте еуразиялық интеграцияны дамытатын - дәл осы жас буын өкілдері. Енді мұндай кездесулерді жыл сайын әрбір елде кезектесіп өткізіп тұрамыз.

 

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу