Стамбул әуежайында қазақстандық көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Стамбул әуежайында қазақстандық көз жұмды

01.10.2018

Бүгін Сыртқы істер министрлігінде Стамбул әуежайында қаза тапқан қазақстандыққа қатысты мәлімет айтылды. Министрліктің баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияровтың айтуынша,  қазір осы оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Тиісінше, отандасымыздың өліміне не себеп болғаны туралы әзірге нақты ештеңе айта алмайды. Белгілісі, ол Стамбулға қыркүйектің 26-ы күні қонып, бір тәулік бойы әуежайдан шықпаған екен.

Төтенше жағдай шамамен жергілікті уақытпен 15:30-да болған. Қазақстандық әуежайдың екінші қабатынан құлап, сол жерде мерт болған. Сыртқы істер министрлігі өкілінің айтуынша, қаза болған азаматтың кім екені белгілі. Алайда, оның отбасы жеке басына қатысты мәліметтерді таратпауды өтінген көрінеді. 

Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Туыстарына хабар берілді. Бүгін оның жұбайы Стамбул қаласына ұшып келді. Қазіргі таңда оның денесі Стамбул ауруханаларының бірінде жатыр. Бүкіл құжаттың бәрі дайындалып, жақын арада денесі Қазақстанға жеткізіледі. Қалай құлады, неге құлады? Оны түрік полициясы тергеу жүргізіп жатыр. 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу