Астанада әлеуметтанушылардың конгресі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада әлеуметтанушылардың конгресі басталды

28.09.2018

Астанада әлеуметтанушылар конгресі басталды. Осымен 6-шы рет ұйымдастырылып отырған жиын екі күнге созылады. Бүгінгі басқосу дөңгелек үстел форматында өтті. Конгресске қатысушылар азаматтық қоғамды дамыту, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру сияқты өзекті мәселелерді талқылады. Жиынға Жапония, Түркия, Ресей, Біріккен Араб Әмірліктері және Германия сияқты елдерден келген меймандар Қазақстанда қолға алынған әлеуметтік бастамаларды жоғары бағалады. Отырыс барысында бірқатар азаматқа әлеуметтану ғылымының академигі атақтары табысталды. Оның ішінде шетелдік ғалымдар да бар.

Марат Тәжин, Президент әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары:

- Негізгі тақырыбымыз – қоғамдық-әлеуметтік жаңғырту. Ол өте маңызды және өзекті мәселе. Ол әр түрлі қоғамдық ғылымдардың тоғысқан жері. Алайда, солардың ең негізгісі әлеуметтану.

 

Бақытжан ОМАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу