Каспий маңы елдерінің кезекті келісімі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каспий маңы елдерінің кезекті келісімі

28.09.2018

Каспий маңында ынтымақтастық пен қауіпсіздікті сақтау туралы қарар қабылданды. Тамызда Ақтау саммитінде теңіздің құқықтық мәртебесі реттелгеннен кейін бүгін бірінші халықаралық конференция өтті. Жиынға қатысқан сарапшылар мен ғалымдар және еліміздің құзыретті мамандары енді айдын аралық байланысты оңтайландыруға уағдаласып отыр. Яғни, бес ел президенті қол қойған құжаттағы су түбіндегі ұлттық секторлардың шегін белгілеу, әскери әріптестік және бірлескен шаруашылық-экономикалық қызмет, биологиялық ресурстарды игеру мен кеме қатынасы сияқты мәселелерге екпін беріледі. Оның сыртында Қазақстан өндірістік, инвестициялық және ғылыми-технологиялық қауымдастық өкілдеріне сарапшылық алаң құратын болды. 

Нұрлан Ноғаев, Атырау облысының әкімі:

- Бес елдің арасындағы экономикалық-гуманитарлық, яғни, қоғамдағы барлық қарым-қатынастарды тереңдетуге және жаңа қатынастар қалыптастыруға үлкен ықпал ететіні сөзсіз. Каспий теңізі маңындағы облыстардың экономикасын дамытуға үлкен әсер етеді.

 

Нысаналы ЫҒЫЛ 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу