«Astana Media Week» форумы аясында «Qazaqstan» телерадиокорпорациясы мен құрамына 20-дан астам Өзбекстанның үздік арналары кіретін Өзбек ұлттық телерадиокомпаниясы арасында серіктестік жайлы меморандум бекіді.
Екіжақты құжатқа «Qazaqstan» телерадиокорпорациясының Басқарма төрағасы Ерлан Қарин мен Өзбек ұлттық телерадиокомпаниясының басшысы Әлішер Хаджаев қол қойды.
Меморандумның негізгі мақсаты – Орта Азия елдерінің медиакеңістігінде ортақ жобаларды жүзеге асыру. Серіктестіктің басты бағыты көрермендерді сол елдердің мәдени және тарихи құндылықтарымен таныстыру, сондай-ақ, тәжірибе алмасу. «Qazaqstan» телерадиокорпорациясы әлемдік теленарыққа шығуға бағыт алады, сондықтан, халықаралық қатынастардың дамуына үлкен мән беруде.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.