Мемлекеттік хатшының қатысуымен жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссияның отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік хатшының қатысуымен жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссияның отырысы өтті

26.09.2018

Еліміз бойынша жер қатынастары - сыбайлас жемқорлық белең алған саланың бірі болып тұр. Тек соңғы екі жарым жыл ішінде осы сала бойынша 457 қылмыс тіркеліп, 78 адам сотталған. 342 тұлға түрлі жауапкершілікке тартылды. Бұл мәліметтер Президент жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысында айтылды. Сондай-ақ, білім беру ісін қаржыландыруға да қазынадан айтарлықтай қаржы бөлінеді. Алайда, дәл осы салада да бармақ басты көз қысты жағдайлар азамай тұр. 2016 жылдан бері 510 қылмыс тіркеліп, 178 адам қамалған. Әлеуметтік сауалнамалар нәтижесі де жоғары оқу орындарында, мектепке дейінгі мекемелерде жемқорлық деңгейінің жоғары екенін көрсеткен. Мемлекеттік хатшы комиссия мүшелеріне жемқорлықтың алдын алудың жаңа тетіктерін әзірлеуді тапсырды.

 

Бақытжан ОМАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу