Жамбылдық диқандар картоп жинау маусымын бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбылдық диқандар картоп жинау маусымын бастады

26.09.2018

Жамбылдық диқандар картоп жинаудың тың технологиясына көшуде. Қазір қысы ерте түсетін тау бөктеріндегі аудандарда жиын-терім науқаны басталды. Ал, осы маусымда жұмыс күші жетіспей, сабылып қалатын шаруалар шаш етектен шығынға батып жататын. Енді Еуропадан әкелінген «Анна -644» комбайндары өнімді өзі қазып, өзі тереді. Жуалы ауданындағы диқандар «жаңа техниканың көмегімен еңбек өнімділігін арттырып отырмыз», - дейді. 

Керімқұл Бегалиев, шаруашылық жетекшісі:

- 2016 жылы терімшілер аз болды да осы шаруалардың 200 гектар жердегі картобы қар астында қалып кеткен болатын. Жұмыс қолы жетіспеді. Польшада нағыз бізге керек технология бар екен. Соны алдыртып отырмыз. Себебі, шаруалар дер кезінде картопты қарға ұрындырмай жинап алуына көп көмегін тигізеді. 

 

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу