Қызылордалық 5 жастағы Нұрдана рекорд жаңартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордалық 5 жастағы Нұрдана рекорд жаңартты

26.09.2018

Қызылорда қаласының 5 жасар тұрғыны Бақыт Нұрдананың есімі «УОРД БУК» кітабына енді. Ол Санкт-Петербург қаласында өткен халықаралық сайыста жүлдегер атанып, әлемдік рекорд жаңартты. Әлі мектепке де бармаған бүлдіршін ересектердің өзі әрең шығаратын есепті шемішкедей шағады. Ол  4 жасынан бастап ментальды арифметиканы меңгерген. Қазір есепті калькулятордан да жылдам, күрделі есептің өзін санаулы секундта шығарады. Ұстаздары ойша санауда техниканы жолда қалдыратын Нұрдананың болашағынан үлкен үміт күтеді. 

Гүлзат Ермекқызы, ұстазы:

- 200 қыз қатысты. 200 қыз бірге есеп шығарады. Соған өзінің үлесін қосты. Яғни, Қазақстанның атынан 30 қыз болды. Соның ең кішкентайы - Нұрдана. Бірақ, бәрінен жылдам, есептерді шығарып, осындай көрсеткіштер көрсетті.

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу