Архитектура мен инновация апталығы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Архитектура мен инновация апталығы басталды

26.09.2018

Сәулет пен дизайндағы жаңашылдықтар мен тың идеялар Астанада талқыланып жатыр. Тұңғыш рет ұйымдастырылған халықаралық форумға әлемнің әйгілі сәулетшілері де келіп отыр. Олардың ішінде Францияның сәулет саласындағы ең ірі компанияларының бірі Жан нувельдің мамандары да бар. Жалпы, үш күн бойы шетелдік және отандық сәулетшілер мен дизайнерлер көрікті, әрі экологиялық таза ғимараттар салудың жолдарын қарастырып, өзара тәжірибе алмасады. Құрылыста «жасыл» энергияны қолданудың үздік үлгілері көрсетіледі. Сондай-ақ, форум барысында Түркия, Ресей, Франция, Канада сынды елдердің сәулетшілері өз жұмыстарымен таныстырады. Отандық сәулетшілердің де шетелдік әріптестеріне ұсынары бар. Елордада жақын болашақта қазақы нақышта тұрғын үй кешені салынуы мүмкін. Өйткені, сәулет өнерінде ұлттық стильде салынған ғимараттар жоқтың қасы. 

Сағындық Жанболатов, ҚР құрметті сәулетшісі:

- Өзіміздің стилімізді бастасақ, өте әдемі болады. Еуропаға, Азияға қарамауымыз керек. Біз өзіміз істеуіміз керек. Неге? Біздің стиль өте терең, өте қызық. Арий дәуірі, сақ дәуірі, ғұн дәуірі және Алтын орда дәуірі.

 

Альбина ӘШІМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу