Тамыз айында жоғалған профессордың мәйіті табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тамыз айында жоғалған профессордың мәйіті табылды

25.09.2018

Тамыз айында із-түзсіз жоғалған Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессоры Ағыбай Смағұловтың өлі денесі Алматы облысынан табылды. Марқұмды өлтірді деген күдікпен 1980-шы туылған азамат ұсталды.

Алматы облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мәйіттің көмілген жерін күдікті азамат Қарасай ауданы аумағынан өзі көрсетіп берген. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары күдіктіні қамауға алып, тергеу жұмыстарын бастап кетті.

Әйгерім Көппаева, Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің ресми өкілі:

Ер адамның мәйіті қазіргі уақытта табылып, ҚР ҚК 99-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу