Енді визалар электронды түрде рәсімделеді

25.09.2018

Жыл соңына дейін Астана мен Алматы әуежайында 128 мемлекеттің азаматтары үшін электрондық виза тетігі іске қосылады. Бұл туралы депутаттарға Мәдениет және спорт министрі мәлімдеді.

Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, қанатқақты жоба шеңберінде алдымен Үндістан, Иран, Парсы шығанағы елдерінің тұрғындары визаларын электронды түрде рәсімдейтін болады. Аталған жүйе визаны алу мерзімін 5 күнге қысқартып, процесті айтарлықтай жеңілдетеді. Ең бастысы, Қазақстанға келетін туристердің саны еселеп артпақ. 

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

- Саяси тұрақты және дамыған 64 елдің азаматтары туристік және басқа мақсаттар үшін Қазақстанға визасыз кіруге құқылы. Өкінішке қарай, бүкіл дүниежүзі электрондық визамен жұмыс істеп жатқанда, біз әлі де кезекке тұрып, қолмен толтырып жатырмыз. Бұл визаны алу мерзімін бес күнге қысқартады және процесті едәуір жеңілдетеді.

Досымжан ЕРМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу