Ресей қазақстандық ет өнімдерін 1 қазаннан кіргізбеуді қолға алып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей қазақстандық ет өнімдерін 1 қазаннан кіргізбеуді қолға алып жатыр

24.09.2018

Ресей Қазақстаннан ет импорттауға неліктен тыйым салатыны белгілі болды. Көрші тарап арадағы ақпараттық жүйені ретке келтіруді сұрап, хат жіберген. 1 қарашаға дейін мәселе шешілуі тиіс. Қазір осы бойынша арнайы жұмыс тобы Мәскеуде жүр. Олар екі ел арасындағы ақпараттық жүйені сәйкестендіріп, қажет мәліметті екі жақ базадан кедергісіз көру үшін кездесулер жүргізіп жатыр. Яғни, Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше мемлекеттердің алдында біраз міндет бар. Соның бастысы, тауарға қатысты барлық сертификаттар мен рұқсат қағаздарын электронды түрде бақылап отыруға мүмкіндік жасау. Осы ретте көрші мемлекеттер арасындағы ақпараттық жүйеде шикіліктер болған. 

Тұрсын Қабдұлданов, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары:

- Екі жақты қаралып жатқан мәселе ақпараттық жүйеге қатысты. Бұл ет өнімдерінің сапасына немесе ет өнімдеріне жазылған құжаттардың қателігіне байланысты емес. Тек қана екі ақпараттық жүйе арасындағы айырмашылықтарды қалпына келтіру.  

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу