Маңғыстау облысында борышкерлердің мүлкі тәркіленуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысында борышкерлердің мүлкі тәркіленуде

21.09.2018

Маңғыстау облысында  көлік  иелері  салықтан жалтаруда.  Мемлекетке  жылдар бойы салық төлемей жүргендер бар.  Қазір  өңірдегі  55 мың азаматтың мемлекетке қарызы 2 млрд. теңгеге жеткен. Сондықтан, құзырлы орган өкілдері борышкерлермен күресті күшейтті.  Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары жергілікті полиция қызметімен, сот орындаушылармен бірге салық төлемеген азаматтардың көліктерін тәркілеп, айып алаңына тоғытуда. 

Беген Жұмабаев, сот орындаушы:

- Біздер бірнеше рет ескерту жібердік. Нәтижесінде, көліктің иесі қарыздың жартысын ғана төледі. Қазір темір тұлпар айыптұраққа қамалды. Енді қалған қарызын белгіленген уақытқа дейін төлемесе, көлік аукционға шығарылады. Одан түскен қаражат көлік иесінің қарызын жабуға жұмсалады.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

 

Хабарламаларға жазылу