Талдықорғанда журналистер арасындағы «Шаңырақ» байқауының өңірлік жеңімпаздары анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда журналистер арасындағы «Шаңырақ» байқауының өңірлік жеңімпаздары анықталды

21.09.2018

Қазақстан халқы Ассамблеясы қолға алған байқау биыл үшінші рет ұйымдастырылуда. Ұлтаралық келісім мен халықтар достығын, ұрпақтар сабақтастығы мен патриотизмді насихаттауға бағытталған додаға 30-ға жуық үміткер қатысты. 100-ден астам ұлт пен ұлыс тұратын Жетісу өңірінде осы бағыттағы тақырыптар аясы өте кең. «Дегенмен,өңірдегі бұқаралық ақпарат құралдары көптігін ескерсек, қатысушылар саны одан да көп болуы керек еді», - дейді ұйымдастырушылар. Іріктелініп алынған үздік 6 жұмыс байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды. 

Тәңірберген Қасымберкебаев, Талдықорған достық үйінің директоры:

- Ассамблеяның қоғамдық қызметі, ұлтаралық татулық, достық, ауызбірлік мәселелері және этнос өкілдерінің қоғамдағы ерекше қасиеттері, іскерлік нәтижелері. Осы мәселелерге мән берілді. Соның нәтижесінде журналистердің жазған материалдары жақсы деңгейде болды. 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу