Алматы облысында «English for Jastar» жобасы бастау алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында «English for Jastar» жобасы бастау алды

20.09.2018

Ағылшін тілін білетін еріктілерден және ағылшын тілінде сөйлейтін шетелдік азаматтардан құралған топ шалғай аудандарда мектеп бағдарламасынан тыс сабақтар өткізіп, оқушылардың ағылшын тілін жетік меңгеруіне ықпал етпек. Бірінші кезеңде өңірдің алты ауданынан 500 оқушы қамтылмақ. Алғашқы сабақты Балпық би ауылында Жетісу мемлекеттік университетінің 4-ші курс студенттері өткізді. Жаңа форматтағы дәрістер коворкинг орталықтарында өтеді.   

Серік Нұрқадыров, «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары:

- Ата-аналар үйреткісі келеді. Балаларының ағылшын тілін оқығанын қалайды. Бірақ, бізде ағылшын тілін оқытатын орталықтар болғанымен де, ол ақылы болғандықтан, оған екінің бірінің қолы жете бермейді. Сол себепті, бұл жобаның негізгі мақсаты - тілді тегін оқыту.

 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу