Дінді дәріптеуде дәлдік керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дінді дәріптеуде дәлдік керек

19.09.2018

«Ақпарат құралдарында ислам құндылықтарын түсіндіруден гөрі, о дүниеге анықтама беру басым. Көзі қарақты көрерменді олай қорқытып-үркітуге болмайды». Бұл туралы «Дін саласындағы мәселелерді жариялау бойынша журналистерге арналған оқыту тренингінде» айтылды. Тренинг барысында тілшілер қауымы мамандармен бірлесіп дін саласындағы өткір мәселелерді сөз етті және оны БАҚ беттерінде жариялаудың әдіс-тәсілдерін талқылады.

Айта кетейік, 2 бөлімнен тұратын семинар жұмысы бүгін кешке дейін жалғасады. Шара соңында қатысушыларға арнайы сертификат тапсырылады. Енді Қоғамдық даму министрлігі мұндай тренингтерді жиі ұйымдастырып тұрмақ.

Балғабек Мырзаев, ҚР Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитеті төрағасының орынбасары:

- Ақпарат құралдары, интернет желілерінде кейбір азаматтарымыздың немесе қоғамдық ұйымдардың мемлекеттің дін саласындағы саясатын басқа арнаға бұру көріністері байқалып жатады. Мұны біз олардың белгілі бір ақпараттарға қол жеткізе алмауынан деп есептейміз. Сондықтан, осы мәселесе бойынша өзара ұстанымымызды, бағыт-бағдарымызды келісіп алсақ деген ойымыз бар.

Досымжан ЕРМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу