Кітапханашылардың мәртебесін көтеру қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кітапханашылардың мәртебесін көтеру қажет

19.09.2018

Кітапханашылардың дәрежесін көтеру қажет. Өйткені, елдің басты байлығы - адам капиталы. Ал, адамның білімі кітап оқумен толығады.

Сондықтан, білім кені саналатын кітапты сақтап, оны оқырмандарға ұсынатын кітапханашы мамандарының жалақысын көтеріп, қоғамдағы мәртебесін арттыру керек. Бұл туралы Алматыда өткен Қазақстан кітапханашыларының жалпы съезіне қатысқан зиялы қауым өкілдері айтты. Олардың сөзінше, қоғамда елене бермейтін кітапханашы мамандары тасада жүріп үлкен іс тындырады. Бірақ, олардың бұл еңбегі көп жағдайда еленбейді. Есіл еңбегі ескерілмегендіктен, еңбекақысы да төмен. Осы себепті жастар кітапханашы мамандығын таңдауға құлықсыз. 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу