«Нұр Отан» партиясы студенттерді жатақханамен қамту мәселесін шешуге атсалыспақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Нұр Отан» партиясы студенттерді жатақханамен қамту мәселесін шешуге атсалыспақ

18.09.2018

Елбасының 2022 жылға дейін 75 мың орындық жатақхана салу тапсырмасы кезең-кезеңімен орындалады. Қазір барлық жұмыстың жоспары бекітіліп, жобасы жасалып жатыр.

Тіпті, бастаманың алғашқы кезеңін іске асыруға бюджеттен 15 млрд. теңге де бөлінген. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының Алматыдағы филиалында өткен алқалы жиында айтылды. Басқосуда Білім және ғылым министрлігінің өкілдері мен жоғары оқу орындарының ректорлары бастаманы жүзеге асыруда атқарылып жатқан жұмыстарды талқылады. Бүгінде елімізде жоғары оқу орындарында 530 мыңнан астам студент білім алады. Олардың 30 пайызы мемлекеттік грант бойынша оқиды. Ал, биыл Елбасының бастамасымен қосымша 20 мың грант бөлінді. Яғни, жыл санап олардың саны артып келеді. Сондықтан, жайлы жатақханамен қамтамасыз ету - өзекті мәселе. 

Талғат Ешенқұлов, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласын бақылау комитетінің төрағасы:

- Жастарды жатақханамен қамтамасыз ету үшін тиісті жоспарлар бекітілді. Тиісті графиктердің кезең-кезеңі бекітілді. Сонымен қатар, оны ары қарай жүргізу үшін бюджеттік қаражаттар есептелінді. Оны игеруге тиісті нормативтік-құқықтық құжаттардың жобалары дайындалды. Олардың бәрі бүгінгі таңда тіркеуден өту стадиясынан өтіп жатыр.

 

Аманкелді СЕЙТХАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу