Әскерилер дабыл бойынша көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әскерилер дабыл бойынша көтерілді

17.09.2018

Қазақстанның Қарулы Күштері дабыл бойынша көтерілді. Оқу-жаттығу Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың бұйрығымен өтті. Шығыс және Оңтүстік өңірлік қолбасшылықтарына батыс аймақта топтасуға бұйрық берілді. Әскерилер өз күштерімен, теміржол көлігімен және әскери авиация ұшақтарымен батысқа бет алды. Әскери-теңіз күштері шекара қызметінің кемелері және катерлермен күшейтілді. «Батыс-2018» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуына 5 мыңнан астам әскери қызметкер тартылды.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

 

 

Хабарламаларға жазылу