Жыл соңына дейін кәсіпкерлерге әкімшілік кедергілерді азайтатын заң жобасы қабылданады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл соңына дейін кәсіпкерлерге әкімшілік кедергілерді азайтатын заң жобасы қабылданады

13.09.2018

Бизнес пен билік бірлесіп, қаржы жымқырудың неше түрлі жолдарын жүзеге асырады. Бұл туралы арнайы талдау жүргізген «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері айтты. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен кәсіпкерлер палатасы әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталған жол картасын қабылдаған. Осы құжат негізінде бірқатар салаларға талдау жүргізілген. Мысалы, Түркістан облысында ауыл шаруашылығына берілетін субсидиялар арқылы 400 миллионнан астам қазына қаржысы талан-тараж болған. Мысалы, шаруашылықтардың бірі 20 миллион теңгеге ғимарат сатып алып, оны 700 миллион теңгеге салдым деп көрсеткен. Оны Ауыл шаруашылығы басқармасындағы мамандар қабылдап алып, бұл соманың жартысын мемлекет есебінен субсидиялап берген. Жиында осындай олқылықтармен жол картасы аясында бірлесіп күресу жайы сөз болды.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу