Мәжілісте 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжілісте 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы таныстырылды

13.09.2018

Алдағы үш жылда әлеуметтік салаға 15,4 трлн. теңге бөлінеді. Бүгін Мәжілісте 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы таныстырылды. Өнім өңдеу, агроөнеркәсіп, құрылыс, көлік-логистика және қызмет саласы экономикалық өсімнің негізгі қозғаушы күші болады. Келесі жылы зейнетақының ең төменгі мөлшері 36 108 теңге, ал, базалық зейнетақының орташа көлемі 27 732 теңге болады. Осылайша, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап республика бойынша зейнетақының орташа көлемі 87 243 теңгеге дейін өседі. Ұлттық банк инфляцияның жылдық көрсеткішін 2019 жылы 4-6 процент деңгейінде сақтайды. 2020-2023 жылы ол 3-4 процентке дейін төмендейді. Мұнай өндіру көлемі 99 млн. тоннаға дейін өседі.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

- 2019 жылы мұнай бағасының бір баррелі 66,7 АҚШ доллары болады деп болжап отырмыз. Осыны ескере отырып, базалық сценарийде мұнайдың бағасы 60 АҚШ доллары деңгейінде алынды. 2019 жылы жалпы ішкі өнім 3,9 процент деңгейінде, ал, 2023 жылы 4,6 процентке дейін өседі.

 

Индира БЕГАЙДАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу