Павлодар облысында 1 млрд 300 млн теңге игерілмеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында 1 млрд 300 млн теңге игерілмеген

13.09.2018

Павлодар облысында 1 млрд. 300 млн-нан астам қаржы игерілмеген. Оның басым бөлігі құрылыс саласында. Мәселен, тұрғын үй құрылысының қарқыны 14 пайызға төмендеген. Салдарынан биыл тапсырылуы тиіс 12 мың шаршы метр баспана құрылысы мерзімінен  кешікті. Одан бөлек, 64 млрд. теңге инвестиция салу жоспарланған Ақсу электр станциясындағы 5 энергоблокты модернизациялау жұмыстары мардымсыз. Республикалық маңызды жолдарды жөндеп жатқан мердігерлердің жұмысы өнбей отыр.  

Рүстем Райысов, облыстық Құрылыс басқармасының басшысы:

- 9 айдың қорытындысы бойынша нәтиже біршама жөнделуі тиіс. Сараптама жасалды, менің ойымша, жыл аяғына дейін жоспарланған межеге жетуіміз керек. Қаржыны игеру 101 пайыз деп көрсетілген, жыл қорытындысы бойынша оны орындауға тиіспіз.   

 

Болат АМАНБАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу